русский язык
Футбол

Олег Блохин «Динамодан» кетті

Олег Блохин «Динамодан» кетті

Киевтік «Динамо» футбол клубының басшылығы Украина чемпионатының 19-шы турынан кейін бас бапкер Олег Блохинді қызметінен босатты.

Соңғы матчта «Динамо» «Шахтерден» 0:2 есебімен ұтылды.

«Мен қызметтен кетіп барамын. Жаңа ғана осындай шешім қабылданды. Баршаңызға рақмет. Қалған сұрақтарыңызды клубтың президентіне қоя беріңіздер», – деді Блохин.

Команданың төрағасы Игорь Суркис клубтың нәтижелеріне қанағаттанбағандықтан бас бапкерді жұмыстан босату туралы шешім қабылдапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;