русский язык
Футбол

«Реал» Испания кубогын ұтып алды

«Реал» Испания кубогын ұтып алды

Мадридтік «Реал» финалда каталондық «Барселонаны» 2:1 есебімен жеңіп, Испания Кубогының иегері атанды.

Қос ұжымның арасындағы кездесу әрқашан жанкүйерлер үшін қызықты болатын. Әлем назары бір сәтке Испанияға ауды. Алғаш болып есепті «Реал» ойыншысы Анхель Ди Мария ашты. «Барсаға» тезе арада есепті теңестіру қажет болды, әйтпесе жағдай қиындап кетер еді. Каталондықтар екінші таймда діттегендеріне жетті. Бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші болып жеткен Бартра допты баспен қақпаны дөп көздеді. Алайда, «Барселона» ойыншылары есепті ұстап тұра алмады. Әлемнің ең қымбат ойышысы Гарет Бейл өз алаңынан бастап алпыс метр жүгіріп өтіп Пинтомен жеке дара шықты. Тіпті қасында жүгерген Бартра оны итеріп тастамақ болған. Алаңды аздық еткен Гарет каталондықты сыртынан айналып өтіп айласын асырды. Осылайша финалдық «эль-классикода» «корольдік» клуб жеңімпаз болып кубокты кезекті рет төбесіне көтерді.

Испания Кубогі. Финал.

«Барселона» – «Реал Мадрид»  – 1:2 (0:1)

Голдар: Бартра 68 - Ди Мария 11; Бэйл 85.

Ескертулер: Неймар 17; Маскерано 53 – Иско 3; Пепе 17; Алонсо 88.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;