русский язык
Футбол

Тарихқа шолу. Финалдық «эль-классикода» кім жеңімпаз болып шығады?

Тарихқа шолу. Финалдық «эль-классикода» кім жеңімпаз болып шығады?

Бүгін каталондық «Барселона» мен мадридтік «Реал» Испания Кубогының ақтық сынында жетінші мәрте жолығады. Үш рет «блауграна» жеңіс тойын тойласа, үш мәрте «корольдік» клуб жеңіспен қайтқан.


«Реал» - «Барселона» 2:1, 21 маусым 1936 жыл
Валенсия қаласындағы «Месталье» стадионын осы екі команданың финалдық кездесуін қабылдаған болатын. Сол кездегі "Реалдың" қос жұлдызы Эухенио Хиларио мен Симона Леку төреші ысқырығын шалғаннан кейін, айналдырған он минуттың ішінде каталондық команданың қақпасына жауапсыз екі гол тоғытты. Бірінші тайм аяқталар тұста Хосеп Эскола есепті қысқартқанымен, жеңісті жұлып ала алмады. Сөйтіп, алғашқы финалдық «эль-классикода» «корольдік» ұжым жеңімпаз болып шықты. 

«Реал» - «Барселона» 0:1, 11 маусым 1968 жыл
Бұл жолы да алғашқы он минуттықта соғылған жалғыз гол матч тағдырын шешті. Алтыншы минутта «Реал» ойыншысы Фернандо Сунсунеги абайсызда өз қақпасына гол соғып алды. Осылайша, «Барса» кеткен есені қайтарды.

«Барселона» - «Реал» 0:4, 29 маусым 1974 жыл
Ринус Михелстің шәкірттері осы жолы қатты «таяқ жеді». Матчтың бесінші минутында Карлос Сантильяна алғашқы голды соқты. Екініші таймда мадридтік команданың ойыншылары «каталондықтарды» аямады, қақпасына жауапсыз төрт гол өткізген Ринус Михелстің шәкірттері осы жолы қатты «таяқ жеді». 

«Барселона» - «Реал» 2:1, 4 маусым 1983 жыл
«Барселона» сапынан Виктор көзге түссе, оған жауап ретінде «Реал» ойыншысы Сантильян гол соқты. Матчтың негізгі уақыты аяқталып, қосымша уақыт қосылған кезде Марко Алонсоның баспен соққан добы «Реал» қақпашысына мүмкіндік қалдырмады.
«Барселона» - «Реал» 2:0, 5 сәуір 1990 жыл
«Реал» кубокты қатарынан бес мәрте жеңіп алды. Сондықтан, «корольдік» клуб сөзсіз фаворит еді. Бірақ, Йохан Кройффтың шәкірттері «Реалдың» сазайын тарттырды. Матч тағдырын екініші таймда соғылған Гильермо Амора мен Хулио Салинасаның голы шешті. 

«Реал» - «Барселона» 1:0, 20 сәуір 2011 жыл
2010/11 маусымында «Реал» мен «Барселона» өзара бес рет кездесті. Соңғы ойын жоғары қарқынмен өрбіді. Өз сапын әлем ойыншыларымен толтырған қос ұжым арасындағы матч қызықты болу керек. Солай да болды. Негзігі уақытта есеп ашылмады. Алайда, қосымша уақытта Криштиану Роналдудың баспен соққан голы финалдық «эль-классикода» «корольдік» команданы жеңімпаз қылды. 

Бүгін қос команда Испания Кубогының финалында жетінші рет жолығады. Финалдық «эль-классикода» кім жеңімпаз болып шығады? Оны бүгінгі матч көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;