русский язык
Футзал

Данило Барон: «Қазіргі таңда жүз пайызға дайынбыз»

Данило Барон: «Қазіргі таңда жүз пайызға дайынбыз»

Бүгін «Қайрат» футзал клубы Қырғызстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. Матч соңынан «Қайрат» ойыншысы Данило Барон өткен ойын жайлы пікірімен бөлісті. 

Бүгінгі ойында көп гол соғылды. Көп шабуылдап қорғанысты ұмытып кеттік арасында, соның кесірінен бірнеше гол жіберіп алдық. Дегенмен, «Қайрат» 6:5 есебімен жеңіске жетті. 

- Данило, ненің кесірінен «Қайрат» өз қақпасына бес гол жіберіп алды?

- Қарсыластарымыз осал ұжым емес. Бізге қарсы ойынға жақсы дайындалыпты. Нәтиже біз үшін маңызды болған жоқ, қателерімізді біліп осал тұстарымызды аңғару басты мақсат болды.

- Осы аптаның аяғында «Тұлпармен» ойын күтіп тұр.

- Чемпионатты ұтқанымызға қарамастан қазақстандық «классикода» жеңіске жетуіміз керек. 

- «Динамомен» кездесуге қаншалықты дайынсыз?

- Қазіргі таңда жүз пайызға дайын болсақ, ойын барысында барлық 150 пайызға дайын болуымыз керек. «Динамо» – өте мықты команда. Әлемдегі ең үздік командалардың бірі. Мәскеуліктердің сапында – Бразилия мен Ресей құрамалардың ойыншылары доп тебеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;