русский язык
Футбол

Марк Гурман: «Соңғы ойындағы нәтижеміз өз-өзімізге деген сенімді арттырды»

Марк Гурман: «Соңғы ойындағы нәтижеміз өз-өзімізге деген сенімді арттырды»
Жарақатына байланысты «Таразбен» ойынға қатыса алмаған алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Марк Гурман «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне аталмыш кездесуден алған әсері туралы айтып берді.  
 
- Неліктен соңғы ойындарға қатысқан жоқсыз?
 
- Ауырдым. Қазір бәрі жақсы. Емделдім.
 
- Биылғы маусымда «Қайрат» бірінші рет жақсы ойын көрсетті...
 
- Ойын тізгінін қолымызға ұстап,  көп мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық. Гол жіберіп алған кезде, біраз қобалжыдық. Қосалқы құрамда отырып, алаң жиегіндегі доп беретін баланың допты жылдам арада «Тараз» ойыншысына бергенін байқамай қалдық, содан соң олар бізге гол соқты. Бұл жолы жанкүйерлерді жерге қаратпай, жеңіске жеткенімізге қуаныштым.
 
- Бұл «Қайраттың» өз алаңда тойлаған бірінші жеңісі...
 
- Иә, команда үшін бұл өте маңызды жеңіс. Соңғы ойындағы нәтижеміз өз-өзімізге деген сенімді арттырды.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;