русский язык

Алматыда пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтеді

Алматыда пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтеді
21-27 сәуір аралығында Алматыда алғаш рет пауэрлифтингтен ашық Азия чемпионаты өтеді. Халықаралық жарысқа 10-нан астам елдің спортшылары қатысуға ниет білдірген. Олардың ішінде жасөпірімдерден бастап ардагерлерге дейін бар.
 
Жарыстың алғашқы үш күні спортшылар үш дисциплина бойынша сынға түседі. Ал соңғы күні Алматыдағы «Мега» сауда орталығында спорттық шоу ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бұл уақытта бодибилдинг және пауэрлифтинг бойынша ең мықты атлеттер жарысады.
 
Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде пауэрлифтингтің даму деңгейі бірнеше сатыға жоғарылаған. Өткен жылы Прагада өткен Әлем чемпионатында қазақстандық команда алғаш рет командалық есепте үшінші орыннан көрінді. Ұйымдастырушылар спорттың бұл түрін әрі қарай дамыта түсуді мақсат етіп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;