русский язык
Бокс

Питер Куиллин: «Қомақты қаржы ұсынылса Головкинмен жұдырықтасуға дайынмын»

Питер Куиллин: «Қомақты қаржы ұсынылса Головкинмен жұдырықтасуға дайынмын»

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы 30-жастағы американдық боксшы Питер Куиллин неліктен Головкинмен шаршы алаңға шықпай жүргенін айтты.

«Егерде, маған қомақты қаржы ұсынылса, Головкинмен шаршы алаңға шығуға дайынмын. Бірақ, ондай ұсыныстар жоқ», - деді Куиллин.

Естеріңізге сала кетсек, Куиллин 19-шы сәуір күні АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтетін Хопкинс-Шүменов жекпе-жек кешінде 35-жастағы чехиялық боксшы Лукаш Конечнымен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;