«Конденсат-Жайықмұнай» финалға шыға алмады
![«Конденсат-Жайықмұнай» финалға шыға алмады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1397559581_126036438.png?v=28695082)
Оралдық «Конденсат-Жайықмұнай» волейболдан клубтар арасындағы Азия біріншілігінің финалына шыға алмады.
Жартылай финалдық кездесуде батысқазақстандық волейболшылар катарлық «Аль-Райян» клубынан үш партияда жеңіліп қалды – 22:25, 22:25, 19:25.
«Конденсат-Жайықмұнай» ширек финалда Ирактың «Газ Аль Джануб» командасын тізе бүктірді – 25:21, 25:20, 25:19.