русский язык
Футбол

«Бавариядан» ұтылған «МЮ» ойыншылары түнгі клубта «гәккулеткен»

«Бавариядан» ұтылған «МЮ» ойыншылары түнгі клубта «гәккулеткен»

Чемпиондар лигасындағы соңғы жеңілістен кейін түнгі клубта тойлаған ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубының үш бірдей ойыншысына ақшалай айыппұл салынды.

Daily Mail басылымының хабарлауынша бұл шешімді манкуниандықтардың бас бапкері  Дэвид Мойес қабылдады. Алайда айыппұлдың нақты сомасы жазылмады.

«Қызыл сойқандардың» бетке ұстар ойыншылары Дэнни Уэлбек, Том Клеверли мен Эшли Янг «Бовариядан» ұтылған соң араққа тойып алып түнгі клубта «гәккулеткен» көрінеді. Кейінірек бұл дерек дәлелденді. «МЮ»-дің жанкүйерлері ойыншылардың фотосын ғаламторға шығарған.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;