Какау: «Жанкүйерлерімізге рахмет айтамын»
![Какау: «Жанкүйерлерімізге рахмет айтамын»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1397502712_431652881.jpg?v=28695678)
Ойыннан кейін «Қайраттың» бас бапкері Какау кездесуді қорытындылап, УЕФА Кубогынан не күтетінін айтты.
- Ең алдымен, жанкүйерлерімізге алғыс айтамын. Қолдағандары үшін рахмет. Біз тек солар үшін ойнаймыз. Ірі есеппен жеңгенімізге қуаныштымын. Қарсыласымыз бүгін көп тырысты, олардың табандылығын айтып кету қажет. Бізге екі гол салды.
- Алда "Тұлпарға" қарсы жауапты кездесу күтіп тұр.
- Әрине, біз чемпионбыз және осы ойында ешқандай турнирлік мақсат орындамаймыз. Бірақ жанкүйерлерімізді қуанту - біздің басты міндетіміз. Біздің ұжым жақсы, бүгін Алешандренің көп гол соғуы үшін бүкіл команданың қалай көмектескенін көрдіңіз ғой.