«Барселона» жастары Еуропаны бағындырды
![«Барселона» жастары Еуропаны бағындырды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1397494740_48690626.png?v=28695816)
«Барселона» УЕФА жасөспірімдер лигасының финалында «Бенфика» тас-талқан етті.
Алдымен Тарин есеп ашса, кейін Эль-Хаддади үзіліске дейін «блаугранастың» басымдығын үдете түсті. Матч аяқталар тұста Эль-Хаддади дубль жасап, финалдың нүктесін қойды.
«Барселона» - «Бенфика» 3:0
Голдар: Тарин 9, Эль-Хаддади 33, 88
Соғылмаған пенальти: Ромариу Балде 14 («Бенфика»)