русский язык
Футбол

Паулу Бенту: «Әлем чемпионатына ерекше дайындықпен барамыз»

Паулу Бенту: «Әлем чемпионатына ерекше дайындықпен барамыз»

Футболдан Португалия құрамасының жаттықтырушысы Паулу Бенту командасының Бразилиядағы әлем чемпионатында биік жетістікке жететіндігіне сенімді, деп мәлімдейді uefa.com сайты. 

 

 - «Әрине, топтық кезеңнен шығу бізге қиын болайын деп тұр. Бірақ, біз бұған қарамастан алдымызға үлкен мақсаттар қойдық. Әлем чемпионатына ЕУРО-2012 додасындағы жеңілістен кейін ерекше жігермен, ерекше дайындықпен барамыз. Жаттығу барысында түрлі дайындықтар өткіземіз. Өткен жылдарға қарағанда басқаша жоспар құрамыз», - деді 41 - жасар маман.

 

Әлем чемпионатының G тобына түскен Португалия  АҚШ, Германия және Гана құрамаларымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;