русский язык

Қазақстан жастар құрамасы УЕФА ұйымдастыратын жарысқа қатысады

Қазақстан жастар құрамасы УЕФА ұйымдастыратын жарысқа қатысады
Қазақстан жастар құрамасы (U-17) "Даму Кубогы" атты халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды ҚФФ-ның ресми сайты. Аталмыш жарысты УЕФА Латвия футбол федерациясымен бірігіп ұйымдастырады.
"Даму Кубогы" 2014 жылдың 21-25 сәуірінде Клайпеда және Гаргждай қалаларында өтеді. Додаға Қазақстаннан бөлек, Литва, Латвия және Белорустың жастары қатысады.
Қазақстан жастар құрамасының ойнайтын уақыттары:
22 сәуір 2014 ж.,  Гаргждай қаласы,  Беларусь – Қазақстан, басталуы 20.00-де (Астаны уақытымен)
23 сәуір 2014 ж., Клайпеда қаласы, Қазақстан – Литва, басталуы 20.00-де (Астаны уақытымен)
24 сәуір 2014 ж. – бос күн
25 сәуір 2014 ж., Гаргждай қаласы, Латвия – Қазақстан, басталуы 15.00-де (Астаны уақыты)
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;