русский язык
Теннис

Керімбаева екінші айналымға шықты

Керімбаева екінші айналымға шықты

Кәмила Керімбаева ITF аясында Каршида (Өзбекстан) өтіп жатқан халықаралық турнирге қатысуда. Аталмыш доданың жеңімпазы 25000 АҚШ долларын қанжығасына байлайды.  

14 сәуірде Керімбаева өзбекстандық теннисші Сабина Шәріповамен бірігіп алғашқы айналымның матчын жеңіп алды – 6:2, 6:1. Бұл кезеңде оларға қарсылас болған – Өзбекстанның тағы бір өкілі Нигина Абдураимова мен қырғызстандық Ксения Палкина. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;