русский язык
Футбол

Мартиноның орнына Юрген Клопп келуі мүмкін

Мартиноның орнына Юрген Клопп келуі мүмкін

«Барселонаның» бас бапкері Тато Мартино маусым аяқталғасын командадан кетуі мүмкін. Аргентиналық маманның орнына «Боруссияның» бапкері Юрген Клопп келеді, деп хабарлайды испан басылымдары.

Қызығы, клуб басшылығы да Мартиноның шешіміне қарсы болмай, арызын қабылдапты. Бұндай шешім Испания біріншілігінің 33-туры аясында «Гранададан» жеңілгеннен кейін қабылданған. «Барселона» футболшылар бапкердің ауысатынын біледі.

Дереккөздің айтуы бойынша, «блаугранас» Мартиноны алмастыратын маманды тапты. Бұл – Юрген Клооп. Сонымен қатар, испаниялық журналистердің пікірінше, «Барселона» құрамын Марко Ройс толтыруы мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;