Арно Пайперс: «Қайрат» жеңіске лайық ойын көрсетті»
![Арно Пайперс: «Қайрат» жеңіске лайық ойын көрсетті»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1397415924_953861349.jpg?v=28691607)
«Тараз» футбол клубының бас бапкері Арно Пайперс «Қайратқа» қарсы өткен кездесуден кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.
- Бірінші таймда сәтсіз ойнадық, соның кесірінен екі гол жіберіп алдық. Жалпы «Қайрат» футболшылары жеңіске лайық ойын көрсетті.
- Командаңыздағы легионерлердің ойыны әлсіз көрінді.
- Бұл сіздің пікіріңіз, менің ойым басқаша.