русский язык

Владимир Вайсс: «60 минут сапалы ойын көрсеттік»

Владимир Вайсс: «60 минут сапалы ойын көрсеттік»

«Қайраттың»  бас бапкері Владимир Вайсс баспасөз маслихатында өткен ойын туралы пікірін айтты.

 – Ақыры өз алаңымызда алғашқы жеңіске жеттік. Жанкүйерлеріміз бен бүгін алаңда жанын салған жігіттер үшін қуаныштымын. Олар үш ұпайға лайықты. Бірінші таймның өзінде ірі есепке жете алатын едік. Киім ауыстыратын бөлмеде ойыншыларға 2:0 жеткіліксіз дедім. Сондықтан шабуылға араласып, қорғаныста мығым ойнау керек болды. Себебі қарсылас қашан да есеп айырмасын қысқартуға тырысады. Менің сөзім шындыққа айналды. Сисей өзінің мүмкіндіктерін пайдалана алмады және біз гол жіберіп алдық. Сосын ойынның деңгейі көтерілді. Алаңға жаңа ойыншылар енді, әрине бізден жас футболшылар шықты. Сондықтан қойылған мақсаттарды орындайтын сапада емес. Біз 60 минут сапалы ойын көрсеттік. Әдемі голдар соқтық. Нәтиже әділетті. «Таразбен» ойнау оңайға соқты, себебі клубты комбинациялық ойынды дәріптейтін голландиялық маман жаттықтырады. Қорғаныста жатып алатын командамен ойнау бізге қиын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;