русский язык
Футбол

«Барселона» кезекті рекордын орнатты

«Барселона» кезекті рекордын орнатты

Ла Лиганың 33-ші турында «Барселона» Гранадамен кездесіп, 0:1 есебімен жеңілді.

Тато Мартино шәкірттері ойынды өз бақылауында ұстағанымен, 16-шы минутта «Гранада» ойыншысы Браимидің соққан жалғыз голы матч тағдырын шешті. Осы кездесуде «блауграна» Ла Лиганың алты жыл бойы бұзылмай келе жатқан рекордын қайта орнатты. Каталондық команданың допты ұстау көрсеткіші 86%. Бұған дейін рекордты «Барселона» тізгінін Гвардиола ұстағанда орнатқан, допты ұстау пайызы - 84%.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;