русский язык
Футбол

«Атырау» «Спартактан» басым түсті

«Атырау» «Спартактан» басым түсті

Ел чемпионатының 6-шы турында «Атырау» өз алаңында семейлік «Спартакты» жеңді.

Матчтың сегізінші минутында БАТЭ-ның бұрынғы ойыншысы Филипп Рудик пенальтиден есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Артынша, «Спартактың» легионері Чович таразы басын теңестірді. Әйтсе де, ойынның аяқталуына бес минут қалғанда Сергей Гридин «мұнайшыларға» жеңіс әперді.  

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 6-шы тур

«Атырау»-«Спартак»-2:1(1:0)

Голдар: Рудик, 8(пенальтиден), Гридин, 85 – Чович, 61

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;