русский язык
Футзал

«Қайрат» – «СКА‑Юг». Ойын жанжалға ұласты

«Қайрат» – «СКА‑Юг». Ойын жанжалға ұласты

«Қайрат» пен «СКА‑Юг» арасындағы кездесу жанжалмен аяқталды.

Кездесуде алматылықтар ешқандай қиынқыққа тап болған жоқ, қарсыластарына сенімді жеңді – 9:2. Алешандре қанжығасын бес мәрте майлап, 49 голмен біріншіліктің сұрмергені атанды.

Ойында үш бірдей ойыншы қуылды. Үшінші қызыл қағаз ойын біткесін көрсетілді. Қызылорда футзалының түлегі Асылбек Мұхамедияровтың жүйкесі сыр беріп, балағат сөздер айтып, кейін төреші Андрей Борисовке қол көтерді. Енді оны он матчтан бір жылға дейін жазалауы мүмкін. Тіпті, өмір бойы ойыннан аластатылуы да ғажап емес.

«Қайрат» — «СКА-Юг» 9:2 (3:0)
Голдар:
 Алешандре 3, 11-пенальти, 27, 29, 38, Пенгрин 15, 37, Жаманқұлов 22, Лео 40 — Абдеш 22, 33
Қызыл қағаздар: Күлбарақов 11 («СКА-Юг»), Кайо 19 («Кайрат»), Мухамедияров ойыннан кейін («СКА-Юг»)
Төрешілер: Борисов (Рудный), Қосмұхамбетов (Қостанай)
13.04.2014. Алматы. «Қайрат». 100 көрермен


 

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;