русский язык
Футбол

Гвардиоланың командасы бірінші рет ірі есеппен жеңілді

Гвардиоланың командасы бірінші рет ірі есеппен жеңілді

Бундеслиганың 30-туры аясында «Бавария» дортмундтық «Боруссиядан» 3:0 есебімен жеңілген болатын. Бұл жеңіліс мюнхендік клубтың тізгінін ұстаған  Хосеп Гвардиоланың бапкерлік мәнсабындағы ең ірі жеңіліс болып тіркелді, деп хабарлайды Infostrada.

Бұрынырақ испаниялық бапкердің командалары бұндай есеппен жеңілмеген. Оның үстіне, соңғы рет «Бавария» өз алаңында ірі есеппен алты жыл бұрын ұтылған. 2008 жылдың қыркүйегінде мюнхендіктер «Вердерге» 5:2 есебімен тізе бүккен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;