русский язык
Хоккей

Қазақстанның әйелдер құрамасы Венгрияға жол берді

Қазақстанның әйелдер құрамасы Венгрияға жол берді

Шайбалы хоккейден Қазақстанның әйелдер ұлттық құрамасы Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Венгрия құрамасына қосымша уақытта ұтылды.

Ойынның негізгі уақыты тең есеппен аяқталды. Қосымша уақттың алғашқы бес минутында Ребекке Унгар біздің құрама қақпасына екі шайба тоғытып, Венгрия құрамасына жеңіс сыйлады.

Қазақстан құрамасы бес ойында тек 2 ұпай қанжығалап, жарыс кестесінің соңында қалды.
 

Қазақстан – Венгрия 1:2 ОТ (0:0, 0:1, 1:0, 0:1)

0:1 – Унгар (Кисс-Симон, Дабаши) – 37:42,

1:1 – Рыспек (Нұрғалиева) – 44:42

1:2 – Унгар (Б. Немет, Дабаши) – 61:05

Қақпашылар: А. Немет – Раушанова

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;