русский язык
Футзал

«Тұлпар» «Аятқа» жол берді. «Қайрат» - футзалдан ел чемпионы

«Тұлпар» «Аятқа» жол берді. «Қайрат» - футзалдан ел чемпионы

Қарғандылық «Тұлпар» «Аятқа» жол беріп, чемпиондыққа таласу мүмкіндігінен айырылды. 

Әміржан Мұқанов шәкірртері қарсыласына 3:4 есебімен ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты. «Аят» болса әлі де қола жүлдеге қол созуы мүмкін.

Матчтағы есепті Талес ашты, 1 минут өтер-өтпестен Александр Довгань есепті еселеді. Ұзақ уақыт өтпестен қарағандылықтар сапынан Дос Сантос көзге түссе, бразилиялық Де Аражуро есепті теңестірді. Ойын соңы өте қызықты өрбіп, бар болғаны екі минут ішінде 3 гол соғылды. Алдымен, 39-шы минутта Андерсон есепті 2:3 жеткізсе, «Тұлпар» ойыншысы Першин қарсылас қақпасын дәл көздеді. Бірақ, Мұқанов шәкірттерінің қуанышы ұзаққа бармады. Андерсон дубль авторы атанып, «Тұлпарды» чемпиондық атаққа таласу мүмкіндігінен айырды. 13-ші сәуір күні, «Тұлпар» мен «Аят» алаңда қайта жолығады.

 

Футзалдан қазақстан чемпионаты. 19-шы тур.

«Тұлпар»  - «Аят» - 3:4 (2:2)                                                                      

Голдар: Талес 11, Довгань 12, Першин 40 - Дос Сантос 15,  Де Аражуо 18, Андерсон  39,40                                                                                     

«Тұлпар»: Жеронимо, Перемышлин, Мун, Гребонос, Нургожин, Талес, Першин, Шорин, Есенаманов, Довгань, Таку, Тихонов, Черномордов, Алин, Мадияров

«Аят»: Нестеров, Смолин, К.Чеботарев, де Сантана, Кузнецов, Дос  Сантос,  Лопатюк, Насыров, Солуменко, С. Чеботарев, Шакиров, Сагындыков, де Араужо, Янов

Төрешілер: Яловцев (Павлодар), Салимов (Астана)

Ескерту: Довгань 4, Гребонос 9, Нургожин 29, Жеронимо 36- Андерсон 4, Лопатюк 40

12 сәуір. Қарағаны. «Тұлпар» спорткешені. 500 көрермен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;