русский язык
Футзал

Фумаса: «Динамо» өткен жылға қарағанда мықтырақ»

Фумаса: «Динамо» өткен жылға қарағанда мықтырақ»

«СКА-Юг» командасына қарсы болған ойында «Қайраттың» бразилиялық ойыншысы Фумаса екі рет қарсылас қақпасын дәл көздегенімен,  әлі де өзіне көңілі толмайтынын айтты.

 - Дубль авторы атанғанымы қуаныштымын. Екі голдан да артық салғым келіп еді, бірақ қарсыласымыз сауатты қорғанды. Бүгін матчта «СКА-Юга» қақпашысы тамаша ойын өрнеігн көрсетті.

 - Егер ертең тараздық команданы жеңсеңіздер, чемпионатты ерте аяқтап, жеңімпаз атанасыздар...

 - Жеңсек жақсы болар еді. Бірақ, матч тағдыры ертең шешіледі. Сондықтан ертерек болжам жасамайық. Алда әлі УЕФА Кубогі ойындары бар.

 - Қарсыластарыңыз мәскеулік ұжым туралы айтып өтсеңіз?

 - Бір айтарым, «Динамо» өткен жылға қарағанда мықтырақ көрінеді.  Густаво жарақатынан айығып, алдағы уақытта командасына көмектеседі. Мен үшін ең қауіпті ойыншы - Ромуло. Ал, ойын екі команда үшін де қиын, әрі қызықты болғалы тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;