русский язык
Футбол

Куртуа «Челсиге» қарсы ойынға шығады

Куртуа «Челсиге» қарсы ойынға шығады

«Мадридтік «Атлетиконың» қақпашысы Тибо Куртуа «Челсиге» қарсы өтетін матчқа қатысады», - деп мәлімдейді УЕФА-ның ресми сайты. 
«Мадридтік команданың қақпашысы Тибо Куртуа «Челсидің» ойыншысы болғандықтан матчқа қатыса алмайды», - деп хабарлаған болатын «Атлетиконың» президенті Энрике Сересо. Алайда УЕФА тарапы бұл шешімге наразылығын білдірді.
«УЕФА чемпиондар Лигасының тәртіп регламентінде көрсетілгендей, ешбір клуб қарсыластарына қысым көрсете алмайды. Сондықтан, «Атлетиконың» қақпашысы Тибо Куртуа алдағы ойынға қатыса алады. Егерде осыған ұқсас жағдай орын алса, онда бірден жауапқа тартылады», - деп хабарлайды uefa.ru.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;