русский язык
Футбол

Юрий Красножан «Қайраттың» спорт кешенін көрді

Юрий Красножан «Қайраттың» спорт кешенін көрді

 

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан «Қайрат» футбол клубының инфроқұрылымын көріп спорттық базасымен танысты, - деп хабарлайды «Қайрат» ФК ресми сайты.


- Юрий мырза, не себепті «Қайрат» футбол клубының жағдайымен танысқыңыз келді?
- Алматыға келуімнің басты себебі - ұлттық құрамаға шақырылатын ойыншыларды көру. Бүгін жүлдеге таласатын қос ұжым кездесті. «Қайрат» маусымды сәтсіз бастасада, алдағы уақытта жағдайы түзеледі деп ойлаймын. Екініші бір себеп, Қайрат Боранбаевтың жеке шақыруы. «Қайрат» академиясының бапкерлерімен сөйлестім, жаттығу барысын қадағаладым. Көрініс көңілімнен шықты.


- Ресейдің футболы осы тұрғыдан қатты дамыған ба?
- Ресейде қазіргі кезде балалар футболына үлкен көңіл бөлінеді. Мұндай инфрақұрылым «Локомотив», «Спартак», «Зенит», ЦСКА, «Краснодар» сияқты клубтарда бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;