русский язык
Хоккей

Қыздарымыз жеңілістен көз ашар емес

Қыздарымыз жеңілістен көз ашар емес

 

Шайбалы хоккейден Қазақстанның әйелдер ұлттық құрамасы Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында төртінші рет ұтылды.

Әлем чемпинатында бірінші дивизионның «В» тобында өнер көрсетіп жатқан қыздарымыз кеше түнде Қытай құрамасымен кездесіп 1:2 есебімен ұтылып қалды. Алғашқы кезеңде-ақ аспан асты елі сапындағы Лю Шуан мен Хэ Синь көзге түсті. Ал, Татьяна Королева жалғыз голмен жауап қайтарды.
Жағдайды түзеуге соңғы мүмкіндігіміз бар. Егер ертең ұлттық құрама қыздары Венггриядан айласын асыра алмаса төменгі дивизионға сырғып кетеді.

 

 

Қытай – Қазақстан 2:1 (2:0, 0:0, 0:1)

1:0 – Лю Шуан (Хэ Синь, Вэнь Лю) – 02:50

2:0 – Хэ Синь (Вэнь Лю, Цзян На) – 13:29

2:1 – Королева – 48:47

Қақпашылар: Ван Юцин – Раушанова

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;