Еуропа Лигасы. Испаниялықтар өзара ойнайды, "Бенфика" "Ювентуспен" күш сынасады
![Еуропа Лигасы. Испаниялықтар өзара ойнайды, "Бенфика" "Ювентуспен" күш сынасады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1397211631_813945939.jpg?v=28692693)
Бүгін Ньон қаласында (Швейцария) Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының жартылай финалдық жұбына жеребе рәсімі өтті.
Жеребе УЕФА Еуропа лигасының финалына таласатын командаларды төмендегідей бөлді:
Севилья (Испания) – Валенсия (Испания)
Бенфика (Португалия) – Ювентус (Италия)
Жартылай финалдың бірінші кездесуі 29 сәуірде болса, жауапты матч 1 мамырда болады. Ал финалда номиналды алаң иелері болып бірінші жұптың жеңімпазы саналады. Ақтық сын Турин қаласында өтеді.