русский язык
Хоккей

Варламов 13 жылдық рекордты бұзды

Варламов 13 жылдық рекордты бұзды

«Колорадо Эвеланш» командасының қақпашысы Семен Варламов маусымдағы жеңістердің саны бойынша Патрик Руа орнатқан клубтық рекордты өзгертті.

Сырт алаңда «Ванкувер Кэнакске» қарсы кездесудегі жеңіс Варламов үшін 41-ші болып тіркелді. Қазір Денверлік клубтың бас бапкері қызметін атқарып жатқан Патрик Руа 13 жыл бұрын командамен бірге 40 мәрте жеңіске жеткен.

«Ванкуверге» қарсы Варламов өз қақпасына бағытталған 40 соққының 38-ін кері қайтарды.

«Ванкувер Кэнакс» – «Колорадо Эвеланш» 2:4

1:0 - Хенрик Седин (Дэн Хэмьюс, Даниэль Седин), 13:52
2:2 - Дейвид Бут (Дэн Хэмьюс, Александр Барроуз), 47:00
1:1 - Пол Штястны, 18:39
1:2 - Пол Штястны (Эрик Джонсон, Натан Маккиннон), 45:21
2:3 - Тайсон Барри (Джейми Макгинн), 52:30
2:4 - Джон Митчелл, 59:17

Төрешілер: Крис Ли (Сейнт Джон, Канада), Иан Уолш (Филадельфия, США).
«Роджерс-арена»
 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;