«Конденсат-Жайықмұнай» Азия чемпионатында екі жеңіске жетті
Манилада өтіп жатқан клубтар арасындағы волейболдан Азия чемпионатының топтық кезеңін «Конденсат-Жайықмұнай» сәтті бастады.
8сәуір күні гонконг клубы «Грин Драгон» үш партияда тас-талқан қылса, келесі күні түрікменстандық «Миграсииді» 3:1 есебімен жеңді.
Топтық кезеңде «Конденсат-Жайықмұнай» катарлық «Аль-Райян» мен омандық «Сохар» клубтарымен кездеседі.
Алғашқы екі орынды иемденген командалар ширек финалға шығады.