русский язык
Бокс

Келли Павлик Головкинмен кездесуге дайын

Келли Павлик Головкинмен кездесуге дайын
Орта салмақтағы WBC/WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Келли Павлик «Facebook» арқылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты.
 
Айта кетер жайт, Павлик 2013-ші жылы деңсаулығына байланысты үлкен спортпен қош айтысқан болатын. Келли өзінің соңғы кездесуін 2012 жылы өткізген. 
 
«Иә, бұл кездесу ойымызда бар. Меніңше, Павлик өте мықты боксшы. Қазіргі таңда Головкин-Чавес жекпе-жегін ұйымдастыруымен айналасудамыз. Аталмыш кездесуден кейін, Павликпен жұдырықтасуға дайынбыз», — деді Головкиннің промоутері Том Леффлер.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;