«Шахтер» «Атыраудан» басым түсті
![«Шахтер» «Атыраудан» басым түсті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1397046068_82390809.jpg?v=28693284)
Қарағандылық «Шахтер» ел чемпионатының 5-ші турында «Атырауды» қабылдады.
Өте тартысты өрбіген матч кеншілердің жеңісімен аяқталды – 2:0. Кездесу барысында алты сары қағаз көрсетілді. Екінші таймда Ұлан Қонысбаев матчтағы бірінші голды соқса, ойын аяқталуына бір минут қалғанда Андрей Порываев жалпы есепті қорытындылады.
Футболдан Қазақстан чемпионаты. 5-ші тур.
«Шахтер»-«Атырау»-2:0(0:0)
Голдар: Қонысбаев, 56, Порываев, 89