русский язык

Ресейлік БАҚ: «Волгоградтық «қазақтар» сенсация жасауға жақын қалды»

Ресейлік БАҚ: «Волгоградтық «қазақтар» сенсация жасауға жақын қалды»

Дэвис Кубогының ширек финалында Швейцарияға қарсы сәтті ойнаған қазақстандық теннисшілерді ресейлік БАҚ өкілдері волгоградтық «қазақтар» деп деп атады.

«Дэвис Кубогының ширек финалындағы Швейцария мен Қазақстан арасындағы ойында кімнің фаворит екені алдын ала белгілі болған. Әлемнің үшінші ракеткасы Станислав Вавринка мен теннисте аты аңызға айналған Роджер Федерер қазір Қазақстанның намысын қорғап жүрген волгаградтық Михаил Кукушкин мен Андрей Голубевтің қасында азулы спортшылар екені анық. Біздің жігіттер ATP рейтингісінің алтыншы ондығына ғана кіреді. Соған қарамастан волгоградтық «қазақтар» Швейцарияға қарсы жақсы ойнады. Ресей теннисінің түлектері қашанда тосын сый жасап лайықты жауап қайтаруға дайын» , – деп жазады Vpravda.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;