русский язык
Футбол

«Ақтөбе» – «Жетісу» кездесуінде төрт ойыншы қатыспайды

«Ақтөбе» – «Жетісу» кездесуінде төрт ойыншы қатыспайды

Ел біріншілігің 5-туры аясында өтетін «Ақтөбе» – «Жетісу» ойынында төрт футболшы алаңға шыға алмайды.


«Ақтөбе» сапынан өткен ойында қызыл қағаз алған Валерий Коробкин кездесуді жіберіп алады. Тиісінше, Марат Хайруллинның жазасы азайып, ертеңгі ойынға қатысу мүмкіндігіне ие болды. 


Ал талдықорғандықтардың үш бірдей ойыншысы матчқа қатыса алмайды, барлығы да жарақатына байланысты. Константин Зотов әлі де болса жарақатынан айыққан жоқ. 4-турдың алдында босниялық Мерсудин Ахмедович да жарақат алып қалған болатын. Сонымен қатар, ескі жарақатына байланысты Рауан Сариев те ойынды жанкүйерлермен бірге тамашалайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;