Футзалдан УЕФА Еуропа Кубогінің «Төрттік финалында» төрелік ететін қазылар анықталды
Футзалдан 24-ші 26-шы сәуір аралығында Баку қаласында өтетін УЕФА Еуропа Кубогінің «Төрттік финалында» жұмыс істейтін төрешілер тағайындалды, - деп мәлімдейді «Қайрат» КФК-ның ресми сайты.
Әр ойынға нақты қазылар алқасын тағайындайтын төреші инспекторы қыметін грекиялық маман Клеоменис Бонтионис атқарады.
Төрешілер құрамына: Марк Биркетт (Англия), Алессандро Малфер (Италия), Эдуардо Жозе Фернандес Коэльо (Португалия) және Борут Сивич (Словения) енді.
УЕФА-ның өкілі ретінде норвегиялық Ким Робин Хауген қатысады.