русский язык
Футбол

Чемпиондар Лигасы. Бүгін қарымта кездесулер

Чемпиондар Лигасы. Бүгін қарымта кездесулер

Өткен аптада жеңіске жеткен «Реал Мадрид» пен « ПСЖ» бүгін Германия мен Англияда доп тебетін болады. Жартылай финалдың жолдамасына жақын тұрған клубтар сырт алаңда қандай нәтиже көрсетуі мүмкін?

Өткен жолы мадридтік команда былтыр «Боруссияға» кеткен есені биыл қайтару керек деген болатынбыз. Бұны корольдік клуб орындады да. «Сантьяго Бернабеуде» өткен матч алаң иелерін келесі кезеңге шығаруға жақын. Әрине, бүгін сары жейделі команда өз жанкүйерлерінің алдында арыстанша арпалысатын болады. Оның үстіне, биылғы Чемпиондар Лигасының бомбардирі Криштиану Роналду алаңға шықпауы әбден мүмкін. Ойын алдындағы жаттығу кезінде «Алтын доп» иегері жарақат алып қалған екен. Анчелотти да португалиялық жұлдыздың денсаулығы маңызды екенін айтты. Бұл – дортмундтық клуб үшін үлкен пайда. Мүмкін Левандовский тағы да покер жасайтын шығар?

Парижде 3:1 есебімен жеңілген «Челси» өз алаңында қалайда есе қайыруы қажет. Бұған ең алдымен Моуриньо сеніп отыр. Демек, португалиялық маман өз шәкірттерін психологиялық тұрғыда дайындалай алады. Лондондықтар үшін ең үлкен жоғалту – Это’О-ның жарақаты. Бір апта бұрын дәл осы ойыншы «ақсүйектерге» жетіспеген болатын. Алайда, Моуриньо камерундық шабуылшысын негізгі құрамға қосып, тәуекелге баруы мүмкіндігін айтты. Ал ПСЖ-ның шабуылдағы негізгі күші Ибрагимович бүгінгі ойынды жанкүйерлердің арасында отырып, бақылайтын болады. Швециялық футболшы өткен сәрсенбіде жарақат алып қалған еді. Енді Чех қақпасын Кавани торуылдап жүрмек. Тиісінше ағылшындық ұжымда шабуылда жүретін Фернандо Торрес болады. Испаниялық шабуылшы «Ливерпульде» жүрген сәттерін есіне алып, «ақсүйектерді» жартылай финалға алып шыға алар ма екен?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;