русский язык
Бокс

«KAZsport»-пен «Қазақстан» телеарнасы Шүменов-Хопкинс жекпе-жегін көрсетуді жоспарлап отыр

«KAZsport»-пен «Қазақстан» телеарнасы Шүменов-Хопкинс жекпе-жегін көрсетуді жоспарлап отыр

«KAZsport» телеарнасы кәсіпқой бокстан WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Бейбіт Шүменов пен IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атақтың иегері Бернард Хопкинс жекпе-жегін көрсетуді жоспарлап отыр.

Егер келіссөздер оң нәтижесін берсе, көрермендер жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телернасы мен «KAZsport» телеарнасы арқылы тамашалай алады. Айта кетейік, Шүменов-Хопкинс жекпе-жегі 19 сәуірде өтеді.

Сонымен қатар, «KAZsport» телеарнасы Мэнни Пакьяо мен Тимоти Брэдли арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирден көрсетуді жоспарлауда. Бокс кеші жексенбі, 13 сәуір күні таңғы сағат 07.00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;