русский язык
Велоспорт

Контадор - «Vuelta al Pais Vasco» веложарысының бірінші кезеңінде жеңімпаз атанды

Контадор - «Vuelta al Pais Vasco» веложарысының бірінші кезеңінде жеңімпаз атанды

Кеше Испанияда «Vuelta al Pais Vasco» веложарысының бірінші кезеңі аяқталды.

Жеңісті Tinkoff-Saxo командасының шабандозы испандық Альберто Контадор тойлады. Екінші орында Movistar шабандозы Алехандре Вальверде, үздік үштікті Pharma – Quickstep шабандозы поляк Михал Квятковский түйіндеді.

«Астана» сапында ең үздік нәтижені испандық шабандоз Микель Ланда көрсетті, ол жеңімпазға 54 секунд ұтылып бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 10-шы орында тұрақтады.  

 

«Vuelta al Pais Vasco» веложарысы. Жалпы есеп. 1-ші кезең

1. Альберто Контадор (Испания, Tinkoff-Saxo) – 04:05:07

2. Алехандро Вальверде (Испания, Movistar) – + 00:14

3. Михал Квятковски (Польша, Omega Pharma – Quickstep) – + 00:34

10. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 00:54

50. Янез Брайкович (Словения, Astana Pro Team) – + 03:08

68. Алессандро Ванотти (Италия, Astana Pro Team) – + 09:01

70. Максим Иглинский (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 09:35

115. Александр Дьяченко (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 15:45

134. Лиуве Вестра (Голландия, Astana Pro Team) – + 17:50

136. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 17:50

143. Фредрик Кесьякофф (Швеция, Astana Pro Team) – + 17:50

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;