Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында КХДР құрамасына жол берді
Латвияның Вентспилс қаласында 6-шы сәуір күні басталған әйелдер арасындағы хоккейден әлем чемпионатының алғашқы ойындары өтті.
Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы КХДР құрамасына 0:3 есебімен жеңілді. Бұл матчта О Чол Ок екі шайба соғып және бір нәтижелі пас берумен көзге түсті.
Қазақстан – КХДР 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)
0:1 – О Чол Ок (Хан Сон Уй, Ким Кум Бок) – 12:04
0:2 – О Чол Ок (Рю Хьен Ми, Ким Кум Бок) – 27:18
0:3 – Ким Хьян Ми (О Чол Ок, Рю Хьен Ми) – 54:50
Қақпашылар: Раушанова – Ри Хье Юн