русский язык
Футзал

«Аят» «Қайраттан» басым түсті

«Аят» «Қайраттан» басым түсті

Алматылық «Қайрат» футзал клубы ел чемпионаты аясында «Аятпен» өткен қарымта ойында жеңіліс тапты.

Бірінші таймның бірінші минутында Николай Пенгрин есепті ашты, бір минуттан кейін Лопатюк есепті теңестірді. Артынша, рудныйлықтар Тарсизио мен Карлос есепті 3:1-ге жеткізді. Үзілістен кейін, Чеботарев есепті ірі қылды. Қарымта шабуылда алматылықтар бір гол қысқартты, гол соққан – Кафе. Ары қарай, Лопатюк дубльдің авторы атанса, Қайрат ойыншысы Алешандре есепті қорытындылады – 5:3.   

Айта кетер жайт, егерде келесі ойында «Қайрат» өз алаңында тараздың «СКА-Юг» командасын жеңсе, Какауоның командасы уақытынан бұрын ел чемпионы атанады.

«Аят» — «Қайрат» 5:3 (3:0)

Голдар: Лопатюк 2, 35, Тарсизио 8, Карлос 13, С.Чеботарев 24 — Пенгрин 1, Кафе 25, Алешандре 40

Төрешілер: Нагишпаев (Семей), Яловцев (Павлодар)

06.04.2014. Рудный. «Горняк». 500 жанкүйер. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;