русский язык

Диас Досқараев: «Жеңіске деген жүз пайыздық сеніммен шықтық»

Диас Досқараев: «Жеңіске деген жүз пайыздық сеніммен шықтық»

Теннистен ұлттық құрамалар арасындағы әлем чемпинатымен пара-пар Дэвис Кубогының ширекфиналында Швейцариядан ұтылғаy Қазақстан командасы жарысты аяқтады. Кездесу соңынан барлық мүшелер баспасөз жиынына қатысып журналистермен тілдесті.

Соңғы матчта Роджер Федерерден жеңілген Андрей Голубев бірінші болып сөз алды.

«Алғашқы және екінші күндегі «айқасқа» көп күш жұмсадым, - деп бастады Голубев. - Сол себепті Федерерге қарсы ойында өзімді әлсіз сезіндім. Соққыларымнан байқалған болар, физикалық тұрғыда қатты шаршап тұрдым.  Ойын барысында  көптеген қателіктерге бой алдырып, тай-брейктерде тактикалық қателіктер жібердім. Федерердің аты – Федерер. Кімге қарсы ойнап жатқанымды еш ұмытпадым. Сондықтан нақты алдыма қойған мақсатты орындау үшін жоспардан алыстамауға тырыстым. Алайда жеңілісіме көптеген факторлар әсер етті»

Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев 3:2 есебіне қанағаттанатындай. Осының өзі біз үшін үлкен жетістік дейді бапкер.

«Екі күн қатарынан қазақстандық жанкүйерлерге қуаныш сыйладық. Отандық және шетелдік басылымдар біздің ойынды жарыса жазды. Жалпы, Қазақстан спорттағы жетістіктері арқылы таныла бастағанына қатты қуанамын. Еуропаның маңдай алды құрамаларымен біз де тең дәрежеде ойнай алатынымызды дәлелдедік. Әр ойынға жеңіске деген жүз пайыздық сеніммен шықтық. Жігіттерге ризамын, жігерлік танытты.

 

Олжас НҰРАЗХАН, Женевадан

*біздің демеушіміз «Мақсат» теннис академиясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;