русский язык

Дэвис Кубогы. Қазақстан құрамасы ширекфиналда сүрінді

Дэвис Кубогы. Қазақстан құрамасы ширекфиналда сүрінді

Дэвис кубогының ширекфиналындағы Швейцария мен Қазақстан арасындағы матч аяқталды. Соңғы ойында әлемнің төртінші ракеткасы Роджер Федерермен кездескен отандасымыз Андрей Голубев үш сет қорытындысы бойынша жеңіліске ұшырады – 7:6, 6:2 6:2.

Алғашқы сетте тәуір ойнаған жерлесіміз қауқар танытып 7:6 есебімен тай брейкте ұтылды. Артынша іске білек сыбана кіріскен Роджер бар жанын салып айқын жеңіске жетті. Екінші және үшінші сеттерді оңай ұтқан швейцариялық спортшы ұлттық құрамасын жеңілістен аман сақтап қалды.   Осылайша, Қазақстан үшін биылғы Дэвис кубогы аяқталды. Швейцарияны састырып, кішігірім сенсация жасаған Диас Досқараевтің шәкірттері жалпы есеп бойынша 3:2 есебімен ұтылды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;