русский язык

Өз қателіктерімді мойындаймын - Кукушкин

Өз қателіктерімді мойындаймын - Кукушкин

Дэвис кубогының ширекфиналында Станислас Вавринкамен кездескен жерлесіміз Михаил Кукушкин төрт сет бойынша ұтылды. Қарсыласының шеберлік деңгейі жоғары екенін айтқан Михаил кездесу туралы пікірімен бөлісті.

«Бірінші сетте мен басым болдым. Ал екінші және үшінші сетте Станислас мықтырақ көрінді. Менің соққыларым әлсіздеу болғандықтан жеңіліске ұшырадым деп есептеймін. Психологиялық тұрғыда аздап қысым болды, жасырмаймын. Қателескен сәттерімді аңдыған жанкүйерлер «қиқулап»  ес таңдырды. Дегенмен, өз қателіктерімді мойындаймын. Қарсыласым менен жақсы ойнады, топ ондыққа бекер кірмейтінін дәлелдеді. Бұл жайт маған да ой, салды. Болашақта бүгінгі қателіктерімді қайталамауға тырысамын», - деді Кукушкин.

біздің демеушіміз «Мақсат» теннис академиясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;