русский язык

Ащы жеңіліс. Вавринка есепті теңестірді

Ащы жеңіліс. Вавринка есепті теңестірді

Теннистен Дэвис кубогы жолында кездескен Станислас Вавринка Қазақстан құрамасының ойыншысы Михаил Кукушкинді төрт сетте тізе бүктірді.  Қорытынды есеп - 6:7, 6:4, 6:4 және 6:4.

Бірер сағаттың ішінде жартылай финал жолдамасының тағдыры шешіледі. Бесінші әрі шешуші кездесуде швейцариялық Роджер Федерер, Қазақстанның екінші ракеткасы Андрей Голубевпен кортқа шығады. Қайсы жеңгеннің командасы келесі кезең табалдырығын аттайды.

 

Айта кетер жайт, бұған дейін Қазақстан құрамасы екі кездесуде жеңіске жеткен. Жекелей сайыста, Андрей Голубев Станислас Вавринканы ұтса, жұптасып өнер көрсетуде Александр Недовесов пен Андрей Голубев, Роджер Федерер мен Станислас Вавринканы қапыда қалдырды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;