русский язык
Футзал

«Қайрат» ел чемпионы атануға жақын

«Қайрат» ел чемпионы атануға жақын

Алматылық «Қайрат» футзал клубы кезекті рет ел чемпионы атануға бір қадам жақындады.

Қазақстан чемпионатының 18-ші турында алматылық «Қайрат» «Аяттан» басым түсті.

Кездесу қонақтардың басым жеңісімен аяқталды – 6:10. «Қайрат» сапында Серік Жаманқұлов пен Фумаса хет-триктің авторы атанса, Пенгрин дубль жасады. Рубиньо мен Кафе бір-бір голдан соқты. Аят командасында – Лопатюк үш гол соқса, Пика Пау бір голдың авторы атанды.

«Аят» — «Қайрат» 6:10 (3:5)

Голдар: Пика Пау 4, Лопатюк 10, 27, 32, Карлос 18, С. Чеботарев 26 — Фумаса 7, 7, 30, Пенгрин 13, 23, Жаманкулов 20, 20, 32, Рубиньо 22, Кафе 22.

Төрешілер: Яловцев (Павлодар), Нагишпаев (Семей).

05.04.14. Рудный. 500 жанкүйер

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;