русский язык

Андрей Голубев: «Бұл ұзаққа дейін естен шықпайтын тарихи сәт»

Андрей Голубев: «Бұл ұзаққа дейін естен шықпайтын тарихи сәт»

Дэвис кубогы аясындағы жұптық кездесуде жеңіске жеткен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері ойын соңынан кейінгі баспасөз мәслихатына қатысты.

Диас Досқараев, Қазақстан құрамасының капитаны:

- Бұл ойын біз үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды болды. Осындай жеңістердің арқасында шетелдіктер бізді тани бастайды.

Андрей Голубев, Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Жеңіске жеткенімізге бірден сене алмадым. Ойын аяқталып тоблоға қараған сәтте ғана «үһ» деп терең дем алдым. Бұл ұзаққа дейін естен шықпайтын тарихи сәт.

Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойынын өткізген Александр Недовесов те көңіл-күйі жайында сыр шертті.

- Ұлттық құрама сапындағы бірінші ойынымды Роджер Федерер мен Станислас Вавренкаға қарсы өткізем деп ойламаппын. Алаңға шыққанда ешқандай қобалжу болған жоқ. Әрбір сәттен пайда шығаруға тырыстық. Андреймен арамыздағы орнаған жақсы байланыс пен өзара түсіністіктің арқасында жеңіске жеттік деп ойлаймын.

 

Олжас НҰРАЗХАН, Женевадан

*біздің демеушіміз «Мақсат» теннис академиясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;