русский язык

«Мама Мия». Голубев пен Недовесов Олимпида чемпиондарын тізерлетті

«Мама Мия». Голубев пен Недовесов Олимпида чемпиондарын тізерлетті

Бүгін теннистен Дэвис кубогы аясында өтіп жатқан Швейцария және Қазақстан арасындағы ширек финалда, қос құрама жұптасып өнер көрсетті.

Корт иелерінің сапынан Роджер Федерер мен Станислав Вавринка бұл күні Андрей Голубев пен Александр Недовесовке қарсы шықты. Бірінші сетті, біздің жігіттер 4:6 есебімен өз пайдасына шешті. Және екінші сетте де қарсыласын тай бректе қапыда қалдырды. Есеп - 6:7. Үшінші сетте Роджер мен Станислас 6:4 пен жеңсе, төртінші сет қайтадан қазақтандықтардың пайдасына шешілді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың екі күнінен кейін 1:2 есебімен алда тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;