русский язык

Диас Досқараев: «Төртінші сет драмаға толы болды»

Диас Досқараев: «Төртінші сет драмаға толы болды»

Дэвис кубогы аясындағы екінші матчтан кейін команда капитаны Диас Досқараев журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Диас, Кукушкиннің Федерерді жеңуі екі талай еді. Десекте, ойын алдында оған қандай нұсқау бердіңіз?

- 16 мың жанкүйердің алдында өнер көрсету өте қиын. Сонымен қатар, Федерер өз елінде ойнады. Мишаға алаңдамай сауатты теннис көрсетуге кеңес бердім. Ол да жарады. Меніңше Михаил қолдан келгенін істеп ел намысын абыроймен қорғады.

- Андрейдің ойынын еске алсақ, сеттер бойынша 2:0 есебімен ұтып тұрып басымдықты сақтап қалу психологиялық тұрғыда қиын болғаны түсінкті.  Ал сіз оны қалай жігерлендіруге тырыстыңыз?

- Вавринка - әлемнің үшінші ракеткасы. Топ деңгейдегі ойыншылармен кездесу қашанда қиын болады. Өздеріңіз көрдіңіздер, төртінші сет драмаға толы болды. Екінші сетте оның шаршап қалғанын сезіп сетболдарда мүмкіндікті жіберіп алмауға нұсқау бердім. 

 

Олжас НҰРАЗХАН, Женевадан

*біздің демеушіміз «Мақсат» теннис академиясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;