русский язык

Дэвис Кубогы. Федерер Кукушкинді жеңіп есепті теңестірді

Дэвис Кубогы. Федерер Кукушкинді жеңіп есепті теңестірді

Теннистен Дэвис кубогы аясындағы екінші матч аяқталды. Швейцарияның екінші ракеткасы Роджер Федерер отандасымыз Михаил Кукушкинді үш сетте жеңді - 6:4, 6:4, 6:2.

Аты әйгілі теннисшіден сескенбей лайықты жауап берген Михаилге тек алғыс айтуға болады. Мықтының аты мықты қанша дегенмен, ойын бастала салып «кәрі қасқыр» Роджер жойқын соққысымен Мишаның мазасын алды. Жылдамдық жөнінен де швейцариялық спортшы әлде қайда мықтырақ көрінді.

Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараевтің нұсқауын бұлжытпай орындап намысқа тырысқан Миша бар жанын салды. Десекте... Арадағы деңгей алшақтығы айқын көрініп тұрды.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы кездесуде Андрей Голубев Станислав Вавринкандан басым түскен. Ертең, сәуірдің 5-і күні жұптар арасындағы сайыс жалғасады.

 

Олжас НҚРАЗХАН, Женевадан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;