русский язык

Дэвис Кубогы. Голубев әлемнің үшінші ракеткасын жеңді

Дэвис Кубогы. Голубев әлемнің үшінші ракеткасын жеңді

Дэвис кубогы аясындағы алғашқы кездесу аяқталды. Жерлесіміз Андрей Голубев Швейцарияның бірінші ракеткасы Станислас Вавринкамен кортта жолығып айқын жеңіске жетті.

 

Бірінші сет – 7:6

Екінші сет – 6:2

Үшінші сет - 3:6

Төртінші сет - 7:5

Стадиондағы атмосфера керемет. «Palexpo» стадионы жанкүйерге лық толы. Ине шаншыр орын жоқ. Қазақстан теннисшілеріне жанкүйер болып келгендердің де саны жүзден асады. Тіпті алыс жақын шетелден өзге ұлт өкілдері Қазақстанды қолдап келген.

 

Естеріңізге сала кетейік, Вавринка мен Голубевтен кейін, кортқа Федерер мен Кукушкин шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;